Остин мен Умеров кездесті

Остин мен Умеров Пентагонда кездесті.

2073767
Остин мен Умеров кездесті

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Қорғаныс министрі Ллойд Остин Украина Қорғаныс министрі Рүстем Умеровпен кездесуінде елінің Украинаны қолдайтынын қайталады.

АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон) жасаған мәлімдемеге қарағанда Остин мен Умеров Пентагонда кездесті.

Кездесу барысында Остин Украинаның қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша жұмсалып жатқан күш-жігерді түсіндірді, өз елінің қолдауын қайталады.

Сондай-ақ олар АҚШ-тың Украинаға негізінен әуе қорғанысы мен артиллериялық оқ-дәрілерден тұратын 175 миллион долларлық жаңа қосымша әскери көмек пакетін жариялауын талқылады.



Ұқсас жаңалықтар