О.Корея мен АҚШ бірлескен жаттығу өткізді

«Yonhap» ақпараттық агенттігі жаттығуға қатысты ақпарат таратты.

2064854
О.Корея мен АҚШ бірлескен жаттығу өткізді

Оңтүстік Корея мен Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Сары теңізде бірлескен әуе жаттығуын өткізді.

«Yonhap» ақпараттық агенттігі Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеге сілтеме жасап, екі елдің бірлескен әуе жаттығуы жасағанын хабарлады.

АҚШ-тың екі «В-52» стратегиялық бомбалаушы ұшағына қоса екі елдің әскери ұшақтары қатысқан әуе жаттығуы Сары теңізде өтті.

Министрліктің бұл жаттығудың Солтүстік Кореяның «арандатушылықтарына» қарсы Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың «бірлескен операциялық қабілетін көрсетуі» деп бағалағаны тілге тиек етілді.

Корея түбегінде Оңтүстік Кореямен бірлескен жаттығуларға қатысқан АҚШ-тың ядролық қаруға қабілетті «B-52» стратегиялық бомбалаушы ұшағы Сеулі Халықаралық аэронавтика және қорғаныс өнеркәсібі көрмесінде ( ADEX) 17 қазан күнгі ұшуының арынан ұшқаннан бас қала Сеулдің оңтүстік шығысындағы Чонгжу әуе базасына қонған еді.

Осылайша «В-52» Оңтүстік Кореяда алғаш рет бір әскери әуе базаға қонған болатын.



Ұқсас жаңалықтар