Путин, Лукашенко және Әл-Тани Ердоғанды Республика күнімен құттықтады

Путин құттықтау хатында президент Режеп Тайып Ердоғанды ​​Түркия Республикасының 100 жылдығымен құттықтады.

2057372
Путин, Лукашенко және Әл-Тани Ердоғанды Республика күнімен құттықтады

Ресей президенті Владимир Путин Түркия Республикасын 100 жылдығымен құттықтай отырып, «Өткен ғасырда еліңіз көптеген қиындықтарды еңсеріп, экономикалық, әлеуметтік және басқа салаларда мойындалған табыстарға қол жеткізді. Түркияның әлемдік аренада беделі жоғары» деді.

Путин жолдауында президент Режеп Тайып Ердоғанды ​​Түркия Республикасының 100 жылдығымен құттықтады.

Ресей мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың достық және жақсы көршілік аясында дамығанын атап көрсеткен Путин «Ардақты досым (Ердоған), Түркия Республикасының жариялануының жүз жылдығымен шын жүректен құттықтауымды қабылдауыңызды қалаймын. Өткен ғасырда сіздің ел көптеген қиындықтарды еңсеріп, экономикалық, әлеуметтік және басқа салаларда мойындалған табыстарға қол жеткізді. Түркия әлемдік аренада жоғары беделге ие. Әртүрлі салалардағы ынтымақтастық жақсы нәтиже беріп, бірлескен ірі жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Мәскеу мен Анкара аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді шешуге бағытталған талпыныстарда табысты ынтымақтасуда. Біз достас халықтарымыздың игілігі үшін және одан да әділ әрі демократиялық әлемдік тәртіпті құру үшін екіжақты қарым-қатынастарымызды барлық аспектілерде үздіксіз дамытатынымызға сенімдімін» деді.

Путин түрік халқына бақыт пен тыныштық тіледі.

Беларусь президенті Александр Лукашенко да Түркия Республикасының 100 жылдығын атап өтті.

Лукашенко жолдауында 100 жыл бұрынғыдай әлемге өзінің дәстүрі мен сақталған құндылықтарына адалдығын көрсететін Түркияның ұлттық мүдделерін табанды түрде қорғағанын білдірді.

Беларусь президенті «Түркия 100 жылда саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда үлкен табысқа жетті» деді.

Лукашенко жолдауында президент Ердоғанға зор денсаулық және қызметіне табыс тілеп, дос Түркия халқына бейбітшілік, бірлік және бақыт тіледі.

Катар әмірі шейх Тамим ибн-Хамед әл-Тани де 29 қазан Республика күні мерекесіне орай президент Ердоғанға құттықтауын жолдады.



Ұқсас жаңалықтар