Ресей баллистикалық және қанатты зымырандарды сынады

«Синева» баллистикалық зымыраны Баренц теңізі су айдынындағы стратегиялық қолдануға арналған «Тула» ядролық сүңгуір қайық крейсерінен ұшырылды.

2056468
Ресей баллистикалық және қанатты зымырандарды сынады

Ресей Федерациясының Қарулы Күштері дұшпанның ядролық шабуылы кезінде баллистикалық және қанатты зымырандарды қолдануды қамтитын оқу-жаттығу ұйымдастырды.

Оқу-жаттығуға ұлттық ядролық тежеу ​​күштерінің құрлықтағы, теңіздегі және әуедегі элементтері қатысты.

Мемлекеттік президенттік сарай Кремльдің осы мәселеге қатысты мәлімдемесінде: «Плесецк Мемлекеттік Ғарыш эксперименттік базасынан Камчаткадағы Кура әскери оқу-жаттығу аймағына «Ярс» атты құрлықаралық баллистикалық зымыран ұшырылды. «Синева» баллистикалық зымыраны Баренц теңізі су айдынындағы стратегиялық қолдануға арналған «Тула» ядролық сүңгуір қайық крейсерінен ұшырылды. Оқу-жаттығуға сонымен қатар әуеден ұшырылатын қанатты зымырандар үшін қолданылатын алыс қашықтыққа ұшатын "Ту-95МС" ұшағы да қатысты" деп көрсетілді.

Оқу-жаттығу барысында әскери басқару органдарының дайындық деңгейі мен олардың бақылауындағы әскерлерді басқарудағы операциялық жедел әрекет ету қабілеті де тексерілді.

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу оқу-жаттығу барысында «дұшпанның ядролық шабуылына жауап ретінде стратегиялық шабуылдау күштері жүзеге асыратын ядролық шабуылдың сценарийі зерттелді» деді.



Ұқсас жаңалықтар