Пашинян Әзербайжанмен бейбітшілік келісіміне қол қойылатынына үмітті екенін айтты

Ол Әзербайжанмен қатынасты қалыпқа түсіру процесіне де тоқталды.

2056310
Пашинян Әзербайжанмен бейбітшілік келісіміне қол қойылатынына үмітті екенін айтты

Армения премьер-министрі Никол Пашинян алдымыздағы айларда Әзербайжанмен бейбітшілік келісіміне қол қойылатынына және дипломатиялық қатынастар орнайтынына үміттенетінін айтты.

Пашинян Грузияның бас қаласы Тбилисиде өткен Халықаралық Жібек жолы 4-ші форумында аймақтағы коммуникация желілері және Әзербайжанмен бейбітшілік процесі туралы айтты.  Арменияның аймақтағы барлық транспорт және коммуникация желілерінің ашылуына жылы қарайтынын білдірген Пашинян «Негізгі мәселе – транспорт және коммуникация желілерінің құрылысының елдердің егемендігі шеңберінде бейбіт ортада салынуы. Алдымен әрбір ел өз мемлекеттік мекемелері арқылы кеден және шекарадағы транспорт пен адам қауіпсіздігін қамдауы керек. Арменияда осындай мекеме қалыптастырылады, жан және тауар қауіпсіздігінің шарттары қамдалады.  Елдер өзара тең принципте бір-бірлерінің инрафқұрылымын қолданады» деді.

Ол Әзербайжанмен қатынасты қалыпқа түсіру процесіне де тоқталды. «Алдымыздағы айларда Әзербайжанмен бейбітшілік және қатынастарды қалыптастыру тақырыбында бір келісімге қол қоямыз деп сенемін.  Әзербайжан мен Армения бір-бірлерінің территориясын мойындады» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар