Израиль армиясы түнімен Газа секторын бомбалады

Газа секторының әртүрлі жерінде қақтығыстар басталғалы қаза тапқандар саны 2 мың 778-ге жетті.

2051826
Израиль армиясы түнімен Газа секторын бомбалады

Хамас әскери қанаты Иззеддин әл-Кассам бригадасының 7 қазан күні таңертең Израильге бағытталған «Ақса топаны» атты ауқымды шабуылының артынан палестиналық топтар мен Израиль арасында шыққан қақтығыстарға 11 күн толды.

Израиль армиясы түні бойы жалғастырған әуе шабуылдарында Газа секторының әртүрлі жерінде қақтығыстар басталғалы қаза тапқандар саны 2 мың 778-ге жетсе, жаралы саны 10 мыңнан асты.

Газадағы медициналық ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда, Хан Юнис аймағына бағытталған әуе шабуылынан кейін көптеген жаралы Насыр медициналық кешеніне жеткізілді.

Палестина ақпарат агенттігі «WAFA» Израильдің Газа секторына соғыс ұшақтары, кемелер және артиллериямен атқылауының түнде де жалғасқанын хабарлады. Осыған сәйкес Израиль әскери ұшақтарының Рафах аймағында жасаған шабуылдарында да қаза тапқан және жараланғандар болды. Қаланың батысындағы Рималь ауданындағы бір үйге тасталған бомбаның жарылуы салдарынан 8 адам қаза тапты. Наблус қаласына жасалған шабуылда да қаза тапқандар бар.

Куәгерлер болса Дейр әл-Белах аймағында бір үйге жасалған шабуылда араларында балалар да бар 7 палестиналықтың қаза тапқанын және 12 палестиналықтың жараланғанын хабарлады.

Нусайрат және Шати босқындар лагерьлері де түні бойы Израиль әскери ұшақтары тарапынан бомбаланды.

Осылайша 7 қазаннан бері Шерияның батысында Израиль әскерлері мен еврей қоныстанушылардың шабуылдары нәтижесінде қаза тапқан палестиналықтар саны 61-ге жетті.

Израиль шабуылдарынан қашқан мыңдаған палестиналық Газа секторындағы Хан Юнис қаласының Насыр ауруханасы мен оның ауласын паналады.



Ұқсас жаңалықтар