Зеленский Умеровты Қорғаныс министрі болып тағайындады

Украина президенті Қырым татар түркі Рүстем Умеровті Қорғаныс министрлігіне тағайындауға шешім қабылдады.

2032598
Зеленский Умеровты Қорғаныс министрі болып тағайындады

Украина президенті Владимир Зеленский Қырым татар түркі Рүстем Умеровты қорғаныс министрі етіп тағайындау туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

Зеленский әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған мәлімдемеде «Мен Украинаның Қорғаныс министрін ауыстыру туралы шешім қабылдадым. Алексей Резников 550 күннен астам уақытқа созылған ауқымды соғысты бастан өткерді. Министрлікке қажет деп шештім. Министрліктің әрі армияға, әрі қоғамға бағыттап жаңа ұстанымдар мен жаңа ықпалдасу түрлеріне қажеттілігі бар екеніне сенемін. Қазір министрлік қызметіне Рустам Умеров өтуі керек» деді. Зеленский парламенттің аталмыш шешімді қолдайтынына үміт білдірді.

Алексей Резников 2021 жылдан бері Украинаның қорғаныс министрі болып қызмет атқаратын.

Рустам Умеров кім?

1982 жылы дүниеге келген Умеройв Украина тарихында министрлік лауазымына келген алғаш Қырым татары атанды.

Қырым татар түрік халқының басшысы және Украина депутаты Мұстафа Джемилевтің кеңесшісі болған Умеров бұған дейін Украина Мемлекеттік мүлік қорының төрағасы және Украина президентінің арнайы өкілі қызметін атқарды.

Украина президентіне қарасты Араб және мұсылман мемлекеттерімен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес комиссары Умеров 2022 жылдың ақпан айынан бері Украинаның Ресеймен келіссөздер тобында орын алады.



Ұқсас жаңалықтар