Ирак президенті Сауда министрі Өмер Болатты қабылдады

Ирак президенті ТР Сауда министрі Өмер Болат басшылық жасаған делегацияны қабылдады.

2030836
Ирак президенті Сауда министрі Өмер Болатты қабылдады

ТР Сауда министрі Өмер Болат өзінің әлеуметтік желідегі аккаунтынан іскер әлемінің алдынғы қатарлы өкілдерімен Иракқа сапары туралы ақпарат бөлісті.

Ирак сапары аясында басшылық жасаған делегацияның Ирак президенті Решиттің қабылдауында болғанын білдірген Болат «Президент Решит Ирактың қайта құрылуы мен қалпына келтірілуінде маңызды рөл атқаратын компанияларымызды Ирактағы жаңа жобаларда көргісі келгенін, Түркияның Ирактың ең маңызды серіктестерінің бірі екенін және компанияларымызға Ирактың барлық аймақтарында қолдау көрсетуді жалғастыратындарын атап айтты. Сапар барысында біз Иракпен сауда-саттықты әртараптандыру, ұлғайту және компанияларымыздың Ирактағы мердігерлік жобаларға одан көбірек қатысуын қамтамасыз ету бойынша басымдықтарымызды білдірдік» деді.

Болат президент Решитке Түркия мен Ирак арасында бұдан да күшті серіктестік үшін өзара жұмысты жалғастыратынын жеткізгенін білдірді.

Сауда министрі Болат байланыстары аясында Иракты Қайта құру, қоныстандыру, муниципалитеттер және қоғаммен байланыс министрі Бенгин Реканимен де бас қосты.



Ұқсас жаңалықтар