Ресей соты Алексей Навальныйды бас бостандығынан айырды

Ресей соты Алексей Навальныйды экстремистік қоғамдастық құрды деген айыппен 19 жылға бас бостандығынан айырды.

2020511
Ресей соты Алексей Навальныйды бас бостандығынан айырды

Ресей соты түрмеде отырған оппозиция  Алексей Навальныйды экстремистік қоғамдастық құрды деген айыппен 19 жылға бас бостандығынан айырды.

«ТАСС» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мәскеу қалалық сотында қаралған іс бойынша Навальный «экстремистік қоғамдастық құрып, оған қосылды, экстремистік әрекеттерді қаржыландырды, экстремистік қоғамдастықты ұйымдастырды, экстремистік әрекетке ашық түрде шақырды және кәмелетке толмағандарды қауіп төндіретін әрекеттерге тартты» деп айыпталды.

Сот судьясы Навальныйды ерекше режимдегі түрмеде жазасын өтеу үшін 19 жылға бас бостандығынан айырды.

Еуропалық Одақ Алексей Навальныйдың 19 жылға бас бостандығынан айырылғанын қатаң айыптады.



Ұқсас жаңалықтар