Путин мұнай сатуға қойылған тыйымды жылдың соңына дейін ұзартты

Ресей президенті орыс мұнайы бағасын шектеген елдерге салынған тыйымды тағы 1 жылға созды.

2004622
Путин мұнай сатуға қойылған тыйымды жылдың соңына дейін ұзартты

Ресей президенті Владимир Путин орыс мұнайының бағасын шектегендерге мұнай сатуды тоқтатуды жылдың соңына дейін ұзартты.

Ресей Президенттік сарайының ресми сайтында жарияланған жарлық бойынша, шекті баға ұстанымына қатысатындарға мұнай мен мұнай өнімдерін сатуға тыйым салу мерзімін 2023 жылдың 1 шілде күнінен 31 желтоқсан күніне дейін ұзартты.

Еуроодақ елдері 2022 жылдың 2 желтоқсан күні Ресейден теңіз арқылы тасымалданатын мұнайды баррель басына шаққанда 60 доллардан аспайтындай шектеуге келіскен еді.

Осы жағдайға байланысты Путин мұнай мен мұнай өнімдерін шекті баға қолдануына қатысатын жеке тұлғаға және компанияларға сатуға тыйым салатын жарлыққа қол қойған болатын.



Ұқсас жаңалықтар