Жан-Пьер «Швеция НАТО мүшесі болуы керек» деді

Ақ Үй баспасөз хатшысы Карине Жан-Пьер Швецияның өткен жылғы НАТО саммиті аясында Түркияға берген уәделерін орындағанын айтты.

1999568
Жан-Пьер «Швеция НАТО мүшесі болуы керек» деді

Ақ Үй баспасөз хатшысы Карине Жан-Пьер күнделікті баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Швецияның бөлшектеуші террор ұйымы PKK-мен байланысы бар бір тұтқынды Түркияға қайтару шешімін еске салған Жан-Пьер «Осылайша Швеция НАТО саммитінде Финляндия және Түркиямен келіскен өзара түсіністік туралы үшжақты меморандум аясында алған міндеттемелерін орындады» деп көрсетті.

Швецияның террорға қарсы заңының да осыған енгенін баса айтқан Жан-Пьер «Швеция – НАТО-ның құндылықтарын бөлісетін, Одақты нығайтып, Еуропа қауіпсіздігіне үлес қосатын күшті, қабілетті қорғаныс серіктесі» деді.

Осы себепті Ақ Үй баспасөз хатшысы «Швецияның мүмкіндігінше тезірек НАТО мүшесі болуы керек» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар