Байден мен Сунак кездесті

Екі басшы жақсы кездесу өткізді.

1997665
Байден мен Сунак кездесті

Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байден Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунакпен «маңызды және жағымды» кездесу өткізгенін білдірді.

Сунак пен Байден кездесуден кейін Ақ Үйде баспасөз өкілдерінің алдына шықты.  Байден екі жақты экономикалық қатынастарды тереңдету және болашаққа пішін беретін ынтымақтастықтарды кеңейту мақсатымен «маңызды» кездесу өткізгендерін білдірді. Ол жылдам өзгеріп отырған әлемде технология және экономика саласындағы серіктестіктерді талқылағандарын айтты.

Экономика негізіндегі «Атлант декларациясын» жариялағандарын айтқан байден келісімнің таза энергия, ұлттық қауіпсіздік үшін маңызды технологиялар, маңызды минералдер тақырыбындағы жеткізу желісін нығайту секілді салаларға шоғырланғанын білдірді.

«Елімізде ойлап шығарылған технологиялардың біздің құндылықтарымызға құрмет көрсетпейтін елдер тарапынан әскери немесе барлау мақсатты қолданылуының алдын алу үшін қадам басудамыз» деді Байден.

Ол жасанды интеллект арқылы қалыптастырылатын қауіптерге қарсы Ұлыбританиямен ынтымақтасатындарын айтты.

Байден мен Сунак Украинаға деген қолдауды да талқылады. Байден соғыс аяқталғаннан кейін де Украинаға берілетін «ұзын мерзімді қауіпсіздік қолдауының» маңыздылығына назар аударып, Конгрестің осы тақырыпта қажетті қаржыны бөлетініне сенетінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар