Косоводағы Бейбітшілік күштеріне қосымша әскер жіберілді

Столтенберг НАТО-ның Косоводағы Бейбітшілік күштеріне жіберілетін қосымша әскер санының 700 екенін мәлімдеді.

1993392
Косоводағы Бейбітшілік күштеріне қосымша әскер жіберілді

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг НАТО-ның Косоводағы Бейбітшілік күштеріне жіберілетін қосымша әскер санының 700 екенін мәлімдеді.

Столтенберг Норвегияның астанасы Ослода Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Стормен ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

Соңғы күндері шиеленіс күшейген Косовоға тоқталған Столтенберг Косоводағы Бейбітшілік күштері сарбаздарына жасалған шабуылда 30 сарбаздың жараланғанын еске салды.

Столтенберг «Мұндай шабуылдарға жол берілмейді және дереу тоқтатылуы керек. Косоводағы Бейбітшілік күштері мен НАТО күштері Косоводағы барлық азаматтардың қауіпсіздігін  қамтамасыз ету үшін  қажетті қадам басады. Біз БҰҰ мандатына сәйкес бейтарап әрекет етуді жалғастырамыз» деген сөздер қолданды.

Батыс Балқан үшін 700 сарбазды Косовоға жіберуге шешім қабылдағандарын түсіндірген Столтенберг қажет болған жағдайда бұл сарбаздардың Косовоға жіберілетінін айтты.



Ұқсас жаңалықтар