Батыс Шерияда 10 палестиналық жарақат алды

Израиль күштері басып алған Батыс Шерияда 10 палестиналықты жаралап, 13-ін ұстады.

1990727
Батыс Шерияда 10 палестиналық жарақат алды

Куәгерлердің айтуынша, жүздеген Израиль әскерлері Иерихон қаласының маңындағы Акаба Джабр босқындар лагеріне шабуыл жасаған.

Палестина ақпарат көздері оқиғада 10 палестиналықтың жараланғанын, ондаған адамның көзден жас ағызатын газдан тұншығу қаупі төнгенін және 13 адамның Израиль күштері тарапынан ұсталғанын хабарлады.

Басып алынған Батыс Шерия мен Шығыс Иерусалимдегі үйлерге жиі шабуыл жасаған Израиль күштері палестиналықтарды әртүрлі айыптармен қамауға алуда.

Израиль әскерінің шабуылына қарсылық білдірген Палестина тұрғындары мен сарбаздар арасында ара-тұра қақтығыстар болып тұрады.



Ұқсас жаңалықтар