"Путин мен Ердоған-байсалды қайраткерлер"

Дмитрий Песков президент Ердоған мен Ресей президенті Путиннің байсалды саясаткерлер және екеуінің де уәдесін орындайтын адам екенін айтты.

1989304
"Путин мен Ердоған-байсалды қайраткерлер"

Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путиннің байсалды саясаткерлер екенін білдірді.

Песков ел астанасы Мәскеуде Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қатынасқа баға берді.

Ердоған мен Путиннің атақ-абыроймен айналыспайтынын баса айтқан Песков:

«Путин мен Ердоған – үлкен саяси тәжірибесі бар өте байсалды саяси қайраткерлер. Олар уәдесін орындайтын адамдар» деді.

Екі басшының да өз халқының игілігі үшін жұмыс істейтінін айтқан Песков:

«Ең бастысы екі лидер өзара тиімді екіжақты қарым-қатынастардың белгілі, нақты мәселелерімен айналысады. Бұл екі елдің халқы үшін маңызды» деп көрсетті.

Еуропа Одағының астық келісіміне қатысты ұстанымына наразылық көрсеткен Песков Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутеррештің ымыраға келмейтін батыс елдерімен бетпе-бет қалғанын айтты.

Ымыраға келмейтін осы батыс елдері ұстанымының астық келісімінің Ресейдегі бөлігінің орындалуын да қиындатқанын атап көрсеткен Песков:

«Соған қарамастан байланыстар жалғасуда және жалғаса береді. «Астық келісімі 2 айға ұзартылды, бірақ бұл өте қысқа және тез аяқталуы мүмкін» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар