АҚШ зымыран жүйесі Польшаға жеткізілді

АҚШ-тан келген зымыран жүйесі Польшаның солтүстігіндегі Ресейдің Калининград шекарасына орналастырылды.

1986828
АҚШ зымыран жүйесі Польшаға жеткізілді

Польша Қорғаныс министрі Мариуш Блашчак Америка Құрама Штаттарында жасалған Жоғары өнімді Зеңбірекші зымырандық жүйелерінің алғашқы бөлімі елге жеткенін айтты.

Блашчак астана Варшавада Жоғары өнімді Зеңбірекші зымырандық жүйелерін жеткізу рәсімінде мәлімдеме жасады.

АҚШ-тан жеткізілген зымыран жүйесінің алғашқы бөлімі Польшаның солтүстігіндегі Ресейдің Калининград шекарасына орналасатынын айтқан Блашчак зымырандардың жаңа бөлімін жеткізу үшін тағы бір келісім-шарт жайлы келіссөздер жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Мариуш Блашчак Польшаның жаңа Жоғары өнімді Зеңбірекші зымырандық жүйелері келісімшарты бойынша әрі ұшыру қондырғыларының, әрі зымырандардың Польшада өндірілетініне сенетінін білдірді.

Алдағы уақытта елдің солтүстігіндегі Торун қаласында Жоғары өнімді Зеңбірекші зымырандық жүйелері академиясының құрылатынын атап өткен Блашчак мұнда сарбаздарға қару жүйесін қалай қолдану керектігі жөнінде білім берілетінін де хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар