АҚШ ДАИШ басшыларының бірін өлтіргенін білдірді

Мәлімдемеде операцияның тек АҚШ күштерінің тікұшағымен жүзеге асырылғаны атап көрсетілді.

1976237
АҚШ ДАИШ басшыларының бірін өлтіргенін білдірді

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Сирияда ДАИШ басшыларының бірі Абдулхади Махмуд Әл-Хаджи Әлиді өлтіргендерін жариялады.

АҚШ Орталық қолбасшылығының  жазбаша мәлімдемесінде «Бүгін таңертең АҚШ Орталық  күштері Таяу Шығыс пен Еуропадағы лаңкестік шабуылдарды жоспарлауға жауапты ДАИШ басшысы Абдулхади Махмуд Әл-Хаджи Әлиді өлтірді» деп айтылды.

Мәлімдемеде операцияның тек АҚШ күштерінің тікұшағымен жүзеге асырылғаны атап көрсетілді.


Этикеттер: #Сирия , #ДАИШ , #АҚШ

Ұқсас жаңалықтар