Жапония премьер-министрі Африкаға барады

Бір апталық Африка сапары Кисиданың премьер-министр ретіндегі осы құрлыққа алғашқы сапары болмақ.

1973665
Жапония премьер-министрі Африкаға барады

Жапония премьер-министрі Кисида Фумио мамырда өтетін G7 Лидерлер саммиті қарсаңында Африкаға барады.

Жапон үкіметі премьер-министрдің 29- сәуір-5 мамыр күндері арасында Африкаға баратынын білдіоді.

Ресми Киото агенттігі Кисиданың аталмыш аптада Мысыр, Гана, Кения және Мозамбикке сапар ұйымдастыратынын хабарлады.

Кабинеттің бас хатшысы Матсуно Хироказу сапар шеңберінде G7 кезекті төрағасы Жапонияның жаһандық мәселелерге қарсы Африка елдерімен ынтымақтастыққа назар аударатынын білдірді.

Бір апталық Африка сапары 2021 жылдың қазан айында міндетке келген Кисиданың премьер-министр ретіндегі осы құрлыққа алғашқы сапары болмақ.

G7 Лидерлер саммиті Жапонияның ұйымдастыруымен мамыр айында Хиросимада өтеді.



Ұқсас жаңалықтар