Бразилиядағы су тасқынынан 6 адам қаза тапты

Бразилияның солтүстігіндегі су тасқынынан мыңдаған адам баспанасыз қалды.

1972836
Бразилиядағы су тасқынынан 6 адам қаза тапты

Бразилияның солтүстігінде нөсер жауын салдарынан болған су тасқынынан 6 адам қаза тауып, мыңдаған адам баспанасыз қалды.

Маранья қаласындағы 64 қалада төтенше жағдай жарияланғанын еске салған лауазымдылар су тасқыны салдарынан 7 700 отбасының баспанасыз қалғанын, 35 мыңнан астам адамның эвакуацияланғанын атап көрсетті.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатқан су тасқыны аймақтарында осы уақытқа дейін 6 адам қаза тапты.

Апат аймағын қадалаған Бразилия президенті Луис Инасио Лула да Сильва  федералдық, штат және муниципалитетпен бірігіп жұмыс істегендерін атап, «Зардап шеккендерге көмектесуіміз керек. Адамдар төсек-орынға мұқтаж, олар су сұрайды және өздерін жеңілдететін кез-келген нәрсені қалайды, үкімет ретінде бұлар біз жасай алатын нәрселер» деді.



Ұқсас жаңалықтар