Бразилия президенті Қытайға барады

Лула да Силва 12-15 сәуірде Бейжіңде келіссөздер өткізеді.

1973085
Бразилия президенті Қытайға барады

Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва Қытайға ресми сапармен барады.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда, Лула да Силва 12-15 сәуірде Бейжіңде келіссөздер өткізеді.

Сапар барысында Бразилия президенті қытайлық әріптесі Си Цзиньпинмен және басқа да ресми тұлғалармен кездеседі.

Лула да Силва денсаулығына байланысты өткен айдың аяғына жоспарлаған Қытайға алғашқы сапарын кейінге қалдырған болатын.

2022 жылы Бразилиядағы президенттік сайлауда жеңіске жеткен Луис Инасио Лула да Силва 1 қаңтарда ант берді.



Ұқсас жаңалықтар