Әлем халқының жартысынан көбі семіздікке шалдығады

Дүние жүзінде семіздік деңгейінің артуы жаһандық экономикаға да айтарлықтай әсер етеді.

1954567
Әлем халқының жартысынан көбі семіздікке шалдығады

Дүниежүзілік Семіздік федерациясы ешқандай шара қолданбаса, 2035 жылға қарай әлем халқының жартысынан көбі семіздікке шалдығатынын немесе артық салмақ санатына жататынын хабарлады.

Дүниежүзілік Семіздік федерациясы жариялаған есеп бойынша, төрт миллиардтан астам адам семіздіктен зардап шегеді. Африка мен Азиядағы табысы төмен немесе орташа елдерде семіздікте ең үлкен өсім болады деп болжалады.

Федерация басшысы, профессор Луиза Баур есептің қорытындысын нақты ескерту деп атады. Ол  әсіресе балалар мен жастар арасындағы семіздік деңгейінің көбейетінін атап көрсетті. Ұлдар мен қыздар арасында бұл көрсеткіш 2020 жылғы деңгейден екі есе артады.

Дүние жүзінде семіздіктің ең көп өсуі болжалған 10 елдің тоғызы - Африка мен Азиядағы табысы төмен немесе ортадан төмен елдер.

Дүние жүзінде семіздік деңгейінің артуы жаһандық экономикаға да айтарлықтай әсер етеді.



Ұқсас жаңалықтар