Үндістанда жарнамалық тақта құлап, 8 адам қаза тапты
Мумбай қаласында дауыл салдарынан дәу жарнамалық тақта құлап 59 адам жарақат алды.
Үндістанның Мумбай қаласында дауыл салдарынан жарнамалық тақта құлап, 8 адам қаза тауып, 59 адам жарақат алды.
Боран салдарынан Мумбайдың Гаткопар ауданындағы жанармай құю станциясының үстіне жарнамалық тақта құлады.
Көліктердің үстіне құлаған жарнамалық тақтаның астында қалған 8 адам қаза тауып, 59 адам жарақат алды.
Ұлттық апатқа қарсы күрес күштері үйінді астында қалған 20 адамды іздестіру және құтқару жұмыстарын бастады.
Махараштра уәлаяты бас министрі Экнат Шинде оқиғада қаза тапқандардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Оқиғаға байланысты тергеу басталды.
Ұқсас жаңалықтар
Кениядағы сел апатында 52 адам із-түссіз жоғалды
Нөсер жауын салдарынан Кенияда құрылған 200-ге жуық лагерь жұмысын жалғастыруда.
Үндістан радиацияға қарсы зымыранды сынақтан өткізді
Үндістан Қорғаныс министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.