Марбург вирусы жан алуда

Вирустан қайтыс болғандар саны 11-ге жетті.

1953245
Марбург вирусы жан алуда

14 ақпанда Экваторлық Гвинеяда алғаш рет тіркелген Марбург вирусынан тағы 2 адамның қайтыс болуымен вирустан қайтыс болғандар саны 11-ге жетті.

Денсаулық сақтау министрі Митоха Ондо Айекаба мәлімдеме жасап, Марбург вирусы ауруынан 2 жаңа өлімнің тіркелгенін хабарлады.

Қайтыс болғандармен байланыста болған 48 адамды анықтағандарын айтқан Айекаба байланыста болған 7 адамның бақылауда екенін білдірді.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы 14 ақпанда елдің батысындағы Ки-Нтем штатында кем дегенде 9 адам қайтыс болғаннан кейін вирустық геморрагиялық қызба ауруына байланысты анализдің  оң нәтиже бергенін хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар