Украина президенті АҚШ-қа барады

Ақ Үйдің баспасөз хатшысы Карине Жан-Пьер тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1921630
Украина президенті АҚШ-қа барады

Украина президенті Владимир Зеленский Америка Құрама Штаттарына (АҚШ) сапармен барады.

Ақ Үй баспасөз хатшысы Карине Жан-Пьер жазбаша мәлімдемесінде АҚШ президенті Джо Байденнің Украина президенті Зеленскийді елінің Украинаға тұрақты адалдығын баса көрсету үшін Вашингтонға шақырғанын хабарлады.

«Президент Байден бүгін, 21 желтоқсанда Ақ Үйде президент Зеленскийді қарсы алуды асыға күтуде» деген Жан-Пьер Конгресс мүшелерінің бірлескен отырысында сөз сөйлейтінін мәлімдеді.

Екінші жағынан Зеленский әлеуметтік желідегі аккаунтынан жасаған мәлімдемеде «Мен АҚШ-қа Украинаның төзімділігі мен қорғаныс қабілетін нығайту үшін барамын. Біз президент Байденмен әсіресе Украина мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты талқылаймыз. Мен АҚШ Конгресінде үн қатып, екіжақты кездесулер өткіземін» деді.



Ұқсас жаңалықтар