Ресей Киевте үш аймақты атқылады

Киев қала әкімі Виталий Кличко жұртшылықты үйлерінен шықпауға шақырды.

1919852
Ресей Киевте үш аймақты атқылады

Ресей Украинаның астанасы Киевке әуе шабуылдарын жалғастыруда.

Киев қала әкімі Виталий Кличко өзінің Telegram парақшасындағы жазбасында Ресей Киевтің Деснянский, Днепровский және Холосиевск аудандарын атқанын  хабарлады.

Кличко жұртшылықты үйлерінен шықпауға шақырды.

"Барлық желілерде метро қатынасы уақытша тоқтатылды. Метро станциялары баспана ретінде пайдаланылып отыр. Әуе шабуылы туралы ескерту жалғасуда. Баспаналарда болыңыз" деді қала әкімі.

Кличко:

«Энергетикалық инфрақұрылымның бұзылуына байланысты елорданың түкпір-түкпірінде сумен қамдау үзіліп жатыр» деді.

Ресей әскерлері 24 ақпанда Украинаға шабуыл бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар