Ресей-Украина қарулары Африкаға ағылуда

Нигерия президенті Мұхаммед Бухари Ресей-Украина соғысында қолданылған қарулардың Африкаға келіп жатқанын білдірді.

1913119
Ресей-Украина қарулары Африкаға ағылуда

Нигерия президенті Мұхаммед Бухари Ресей-Украина соғысында қолданылған қарулардың Африкаға ағылып келіп жатқанын айтты.

Нигерия Президенттік сарайынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Бухари ел астанасы Абуджадағы Асо Рок сарайында өткен «Чад көлі бассейні комиссиясының 16-шы мемлекет және үкімет басшылары саммитінде» сөз сөйледі.

Бухари заңсыз шағын және жеңіл қарулардың тез таралуының артуы аймақтағы елдердің шекаралық қауіпсіздігін қайта жаңғыртуды қажет ететінін мәлімдеді.

Африка елдерінің әсіресе Чад көлі бассейнінің Ресей-Украина соғысынан тікелей зардап шеккенін атап көрсеткен Бухари:

«Ресей-Украина соғысында қолданылған қарулар Африкаға ағып жатыр» деді.

Бухари бұл заңсыз қарулардың құрлыққа таралуы аймақтағы ұжымдық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіретінін айтты.

Батыс Африканың Сахел аймағындағы зорлық-зомбылық оқиғаларының Чад көлі бассейніндегі Боко Харам террорын күшейткеніне назар аударған Бухари аймақтағы Боко Харам мен басқа да ұшқары топтардың күшін жою үшін көпжұмыс істелгеніне қарамай, террорлық қауіптердің әлі де бар екенін атап өтті. 



Ұқсас жаңалықтар