АҚШ Ғарыш күштері қолбасшылығын құрады

Америка Құрама Штаттары Үнді-Тынық мұхиты аймағында Ғарыш күштері қолбасшылығын құрады.

1909473
АҚШ  Ғарыш күштері қолбасшылығын құрады

АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхиты күштері тарапынан  (INDOPACOM) құратын жаңа Ғарыш күштері қолбасшылығы Қытай мен Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран қауіптеріне қарсы АҚШ-тың қорғаныс қабілетін арттыруға бағытталған.

Енді бір жағынан, аталмыш  элементтің INDOPACOM сияқты кез келген жауынгерлік қолбасшылық астында құрылған алғашұқы Ғарыш күштері қолбасшылығы болатыны атап өтілді.

INDOPACOM Twitter парақшасында АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы жаңа Ғарыш күштері қолбасшылығының ертең салтанатты түрде ашылатынын хабарлады.

АҚШ ғарыш күштері 2019 жылдың желтоқсан айында «ғарыштағы ұлт мүдделерін қорғау, ғарышқа шабуылдарды болдырмау және ғарыштық операцияларды жүргізу» миссиясымен құрылған.

Ғарыштан келетін қауіптерге континентаралық баллистикалық зымырандар (ICBM) және гипер дыбысты зымырандар да жатады.

Үнді-Тынық мұхиты ғарыш күштерінің қолбасшылығы Америка Құрама Штаттарына аймақ елдерінен шыққан баллистикалық зымырандарды анықтау және ұстау сияқты қорғаныс механизмдерін дамытуға көмектеседі деп күтілуде.

АҚШ-тың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі, елші Линда Томас-Гринфилд Солтүстік Кореяның биыл 63 баллистикалық зымыран сынағы жасағанын, оның 8-і ICBM екенін мәлімдеді.

 



Ұқсас жаңалықтар