АҚШ-та Қытай барлау қызметкері 20 жылға бас бостандығынан айырылды

Америка Құрама Штаттарында Қытай барлау қызметкері 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

1907514
АҚШ-та  Қытай барлау қызметкері 20 жылға бас бостандығынан айырылды

Америка Құрама Штаттарында Қытай барлау қызметкері 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

АҚШ-тың Федералдық соты аталмыш қызметкерді тыңшылық және коммерциялық құпияны ұрлау әрекеті үшін кінәлі деп тапты.

Цинциннатти федералды соты Бельгия тарапынан Америка Құрама Штаттарына экстрадициялаған Янджун Сюдің 2021 жылдың қарашасында тағылған айыппен түрмеге кесілгенін хабарлады.

АҚШ-қа экстрадицияланған Қытайдың алғашқы барлау қызметкері Сю Қытай үкіметінің атынан АҚШ-қа тыңшылық жасау арқылы американдық фирмалардың коммерциялық құпиялары мен патенттерін ұрлауға әрекеттенді деп айыпталды.

Сюйдің Қытай Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі бөлімше директорының орынбасары дәрежесіне дейін көтерілгені айтылады.


Этикеттер: #сот , #барлау , #Қытай , #АҚШ

Ұқсас жаңалықтар