Ресей мен АҚШ өзара кеңеседі

«New START» келісімі бойынша өзара тексерулерді қайта бастау үшін кеңес өткізеді.

1904023
Ресей мен АҚШ өзара кеңеседі

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) мен Ресей ядролық қаруды қысқартуды көздейтін «New START» келісімі бойынша өзара тексерулерді қайта бастау үшін кеңес өткізеді.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Нед Прайс күнделікті баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді. «Біз екіжақты үйлестіру комитетінің «New START» шартына сәйкес жақын арада кездесуі туралы келістік» деді ол.

Нед Прайс комитеттің аудит бойынша жұмысының мазмұны құпия болатынын атап өтті және бұл процес сындарлы болады деп үміттенетіндерін мәлімдеді.

АҚШ-тың ядролық қауіп-қатерді азайтуға шоғырланғанын түсіндірген Прайс кездесудің орны мен уақыты туралы ешқандай мәлімет бермеді.

Комитет соңғы рет 2021 жылдың қазан айында жиналды, ал Ресей тамыз айында АҚШ тексеруге рұқсат бермеді деген сылтаумен америкалық инспекторлардың ресейлік ядролық қаруды тексеру жұмысын тоқтатқанын жариялаған еді.

2010 жылы қол қойылған «New START» келісімі екі елдің стратегиялық ядролық оқтұмсықтарын максимум 1550-ге дейін шектеді.

 

Келісім сондай-ақ ұшыру алаңдары мен ауыр бомбалаушы ұшақтардың саны ең көп 800-ге дейін болады деп белгіледі.

АҚШ президенті Джо Байден қызметіне кіріскеннен кейін көп ұзамай 2021 жылдың қаңтарында екі ел келісімді 2026 жылға дейін ұзартты.

 



Ұқсас жаңалықтар