PKK Еуропадағы есірткі саудасын арттырды

Еуропадағы есірткі саудасының 80 пайызын бақылауына алған террористік ұйым осылайша жылына 1.5 миллиард доллар табыс тауып отыр.

1903691
PKK Еуропадағы есірткі  саудасын арттырды

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK өз әрекеттерін қаржыландыру үшін халықаралық есірткі саудасының өндіру, тасымалдау және сату жұмыстарына қатысуда.

PKK-ның заңсыз жолмен алған қаржы көздерінің ішінде есірткі саудасы маңызды орын алады.

90-шы жылдардан бері жарияланған көптеген отандық және шетелдік рапорттар ұйымның Еуропадағы осы саладағы қызметі мен кірісін айқын көрсетіп отыр.

Рапорттарға негізделгенде PKK есірткі саудасының өндірісінен бастап Еуропа көшелерінде таралуы мен сатылуына дейін барлық сатысында рол атқаруда.

Еуропадағы есірткі саудасының 80 пайызын бақылауына алған террористік ұйым осылайша жылына 1.5 миллиард доллар табыс тауып отыр.

PKK-ның есірткі әрекеті Таяу Шығыстан Батыс Еуропа елдеріне дейін созылса, бұл кең аумақ «Балқан жолының» толығын қамтиды.

Еурополдан басқа Германия, Франция, АҚШ (АҚШ 9, НАТО және Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ)) ПКК-ның есірткі саудасына қатысты жылдар бойы жарияланған көптеген таң қалдыратын құжаттар мен баяндамалары бар.



Ұқсас жаңалықтар