АҚШ-та аралық сайлау өтеді

АҚШ президенті Джо Байден Нью-Йоркте соңғы науқанын өткізді.

1903429
АҚШ-та аралық сайлау өтеді

АҚШ-тық сайлаушылар өз штаттарының губернаторлығы мен басқа да жергілікті лауазымдарға қоса Өкілдер Мәжілісіндегі 435 орын және Сенаттағы 100 орынның 35-і үшін сайлауға түседі.

Соңғы сауалнамалар Республикашыл партияның Конгресстің төменгі палатасында Өкілдер Мәжілісінде көпшілік дауысты жинайтынын ортаға қойып жатқанда, Сенаттың жоғарғы палатасында кімнің басым болатыны әлі белгісіз.

АҚШ президенті Джо Байден Нью-Йоркте соңғы науқанын өткізді.

Байден аралық сайлау үшін «Өміріміздегі ең маңызды сайлау» деді. Трампты сынға алды.

Трамп болса өзінің соңғы науқандық шеруін Огайо штатында өткізді. «Сенат пен Өкілдер Мәжілісін қайтарып аламыз. Ақырында 2024 жылы әдемі Ақ үйді де қайтармыз» деді.

Трамп сондай-ақ «Бүгін осы әдемі сайлауға кедергі келтіргім келмейді. 15 қараша күні Флорида штатындағы Палм-Бичте маңызды бір мәлімдеме жасаймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар