АҚШ-та мерекеге жиналған халыққа оқ атылды

Чикаго қаласында Хэллоуин мерекесін тойлауға жиналған көпшілікке күдікті көліктен оқ атылып, 14 адам жараланды.

1900317
АҚШ-та мерекеге жиналған халыққа оқ атылды

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Чикаго қаласында Хэллоуин мерекесін тойлауға жиналған көпшілікке күдікті көліктен оқ атылып, 14 адам жараланды.

АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Чикаго қаласында мылтық дауыстары естілді.

Кеше кеште Хэллоуин мерекесіне келген халыққа күдікті көліктен кездейсоқ оқ атылды.

Полицияның шабуылға байланысты жасаған мәлімдемесінде екеуі бала 14 адамның жараланғаны білдірілді.

Чикаго Полиция мекемесінің баспасөз хатшысы Дэвид Браун кейбір жаралылардың өмірі қауіпті екенін және емдеудің жалғасып жатқанын хабарлады.

Браун сонымен қатар алдын ала тергеу аясында көлікте 2 адамның болғаны межеленгенін білдірді.  



Ұқсас жаңалықтар