Ираннан АҚШ-қа ядролық келіссөз наразылығы

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Кенани мәлімдеме жасады.

1896921
Ираннан АҚШ-қа ядролық келіссөз наразылығы

Иран 2015 жылғы Иран ядролық келісімін қайтадан жандандыру тақырыбында АҚШ-тың жеткілікті саяси ерік-жігері жоқ екенін хабарлады.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Кенани бас қала Тегеранда өткізген баспасөз мәслихатында ядролық келісімге қатысты мәлімдеме жасады.

2021 жылдың сәуір айынан бері келіссөздердің әртүрлі ахуалда жалғасып жатқанын айтқан Кенани «Біз кездесу үшін келіссөз жүргізбейміз. Иран 2015 жылғы ядролық келісімді қайта жүзеге асыруға дайын дегенмен Вашингтонда саяси ерік жетіспейді» деді.

Ядролық келісім бойынша келіссөздер Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесі (АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлыбритания және Франция) мен Иран арасында 2015 жылы «Ортақ жан-жақты іс-қимыл жоспары» деп аталатын және Иранның ядролық жұмыстарының қадағалануын қамтамасыз ететін келісімге қол қойылды.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 2018 жылы келісімнен біржақты бас тартқан, Иран әкімшілігі ядролық жұмыстарда келісімнен бұрынғы кезеңіне оралған болатын.

АҚШ президенті Джо Байденнің қараша айында міндетке келуімен келіссөзге қайта оралу жұмыстары басталған, Иранға мәтін жобасын ұсыну арқылы келіссөздер жүзеге асырылған еді.



Ұқсас жаңалықтар