Қытай лауазымдысы Пелосидің Тайвань сапары шешіміне наразылық көрсетті

Қытайдың БҰҰ тұрақты өкілі Чжан Цзюнь Нэнси Пелосиге наразылық көрсетті.

1862625
Қытай лауазымдысы Пелосидің Тайвань сапары шешіміне наразылық көрсетті

Қытайдың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы (БҰҰ) тұрақты өкілі Чжан Цзюнь АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарының Қытайдың егемендігіне нұқсан келтіретінін айтты.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі тамыз айындағы кезекті төрағалығының Қытайға өтуіне байланысты баспасөз мәслихатын өткізген Чжан Үнді-Тынық мұхиты байланыстары аясында Пелосидің Тайвань сапарына баға берді.

Чжан Пелосидің Тайваньға ықтимал сапары үшін «Мұндай сапар Қытайдың егемендігі мен аумақтық тұтастығына, Тайвань бұғазындағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке, Пекин мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынасқа нұқсан келтіреді» деді.

Нэнси Пелосидің сапарының Қытай үшін үлкен бір қауіп және арандатушылыққа жол ашқанын, сол үшін ауқымды шаралар қабылданатынын атап көрсеткен Чжан АҚШ-ты елінің аумақтық тұтастығын құрметтеуге шақырды.

Чжан Цзюнь «Тайвань - елімнің кез-келген елмен қарым-қатынастағы қызыл сызығы. Бұл мәселеде берік ұстанымдамыз және еліміздің шекара тұтастығы мен егемендігін қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға бел будық» деді.



Ұқсас жаңалықтар