НАТО-ның операция мәлімдемесі

НАТО Косовоның солтүстігіндегі тұрақтылыққа нұсқан келген жағдайда операцияға дайын екенін мәлімдеді.

1861832
НАТО-ның операция мәлімдемесі

НАТО-ның Косоводағы күштері (KFOR) Косовоның солтүстігіндегі тұрақтылыққа нұсқан келген жағдайда операцияға дайын екенін мәлімдеді.

НАТО-дан жасалған мәлімдемеде Косовоның солтүстігінде қауіпсіздік жағдайының шиеленіскенін атап, «KFOR жағдайды жіті қадағалайды және тұрақтылыққа нұсқан келген жағдайда операцияға дайын» делінді.

Косовода тұратын сербтерді қосқанда барлығына бүгіннен бастап, Косовоның жеке куәлігі мен нөмірі талап етілетіні жарияланған соң Косоводағы сербтер кеше түнде Косовоның солтүстігіндегі шекара бекеттерін жапты.

Косовода да сиреналар естіліп, полиция кейбір жерлерден атыс дауысы естілгенін, бірақ ешкімнің зардап шекпегенін хабарлады.

Кейін Косово үкіметі мәлімдеме жасап, шешімнің орындалуының бір айға кешіктірілгенін мәлімдеді.

2008 жылы біржақты тәуелсіздігін жариялаған Косовоны Сербия әлі күнге дейін өз территориясы деп есептейді.



Ұқсас жаңалықтар