Пәкістанда жаңбыр жан алуда

Қаланың әр жерінде көптеген үйдің шатыры опырылып, жолдарды су басты.

1859115
Пәкістанда жаңбыр жан алуда

Пәкістанда маусым айының ортасынан бері жалғасып келе жатқан муссондық жаңбыр салдарынан қаза тапқандар саны 298-ге артты.

Ұлттық баспасөздегі хабарға қарағанда әртүрлі қалаларда апталап жалғасқан нөсер жаңбыр өмірге болымсыз әсер етті.

Карачиде толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған апаттар мен оқыс оқиғалардың салдарынан 4 адам электр тогына түсіп, көз жұмды.

Қаланың әр жерінде көптеген үйдің шатыры опырылып, жолдарды су басты.

Синд, Карачи және Хайдарабад қалаларында толассыз жауған жаңбырға байланысты бүгін демалыс жарияланды.

Хайбер-Пахтунхва провинциясының Дера Исмаил Хан және Төменгі Дир қалаларында екі адам қаза тапты.

Дера Исмаил Ханда базарлар су астында қалып, көлік кептелісі басталды.

Пурва қаласындағы көптеген ауылды су басып,  үйлер су астында қалды.

Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Пенджаб провинциясының Лахор қаласында бір бала, Белуджистанның Кетта қаласында тағы бір адам қаза тапты.

Соңғы тәулікте әртүрлі қалаларында жауған жаңбыр салдарынан 8 адам қаза тапты.

Осылайша соңғы 5 аптада Белуджистанда 100 адам, Синдте 74 адам, Хайбер-Пахтунхвада 63 адам және Пенджабта 61 адам қаза тапты.

Толассыз жауған жаңбыр ел астанасы Исламабадқа да әсер етті. Қаланың әртүрлі бөліктеріндегі жолдарда су тасқыны орын алса, кейбір аудандарда көлік қозғалысы үзілді.



Ұқсас жаңалықтар