Столтенберг пен Ляйен бас қосты

Йенс Столтенберг: "НАТО мен Еуропа Одағы Ресейдің аяусыз соғысына қарсы өзін қорғауға талпынған украиналықтардың қасында болады" деді.

1845950
Столтенберг пен Ляйен бас қосты

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Еуропа Одағы Комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйенмен кездесіп, Мадрид саммиті алдында Украина мен Еуропаның қорғанысына қатысты бірлік пен ынтымақтастық туралы мәлімдеме жасады.

Йенс Столтенберг Бельгияның астанасы Брюссельдегі НАТО базасында өткен кездесуден кейін Твиттер желісінде мәлімдеме бөлісті.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг:

"НАТО мен Еуропа Одағы Ресейдің аяусыз соғысына қарсы өзін қорғауға талпынған украиналықтардың қасында болады. Жақын ортағымыз Украинаны ұзақ уақыт қолдауды жалғастырамыз" деп көрсетті.

Урсула фон дер Ляйен де 29-30 маусымда Мадридте ұйымдастырылатын НАТО саммитіне дайындық үшін кездескендерін білдірді.

Урсула фон дер Ляйен:

"Еуропа Одағы мен НАТО ынтымақтастығын бірге жұмыстанудан әскери операцияларға дейін Еуропаның қорғанысын күшейту бағытында жалғастыру үшін  өте маңызды болмақ. Украинаны бірге қолдаймыз" деді.



Ұқсас жаңалықтар