Еуропа Одағы Сыртқы істер кеңесі жиналысы басталды

Еуропа Одағы мүшесі елдердің сыртқы істер министрлері бас қосты.

1845688
Еуропа Одағы Сыртқы істер кеңесі жиналысы басталды

Еуропа Одағы Сыртқы істер кеңесі жиналысы Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррельдің басшылығында Люксембугрта басталды. Жиналыста азық-түлік, энергия қауіпсіздігі және Украинадағы соғыстың ықпалдары сынды тақырыптар қолға алынады.

Еуропа Одағы сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі  Жозеп Боррель «Соғыстың ықпалы тек Украинаға ғана емес, барша әлем үшін үлкен қауіп төнуде. Әсіресе Африкада үлкен бір ашаршылыққа душар болғаны жайлы әскерту жасаудамыз. Соғыс салдарынан энергия және азық-түліктің бағалары өсті» деді.

Боррель Еуропа Одағы санкцияларының Ресейдің азық-түлік өнімдерін қамтымағанын қайталады.  Боррель Ресейдің Украинаға тиесілі дәнді дақылдардың экспорт етілуінің тосқауылы салдарынан дағдарыстың болғанын білдірді.

Жозеп Боррель Ресейге Украина порттарына бағытталған шектемелердің күшінен қалдырылуы жайлы үндеу тастап, Біріккен Ұлттар Ұйымының мәселені шешуге табанды екенін атап өтті.

Ресейді жауапкершілікке тарту керектігін түсіндірген Боррель «Бұл нақтылы бір соғыс қылмысы» деді.

Жиналыста Украина және Молдавияға үміткер ел мәртебесінің берілуімен қатар әсересі энергия саласында Шығанақ елдерімен болған қарым-қатыанстар да қолға алынады.



Ұқсас жаңалықтар