Дюжаррик Украина дәнді дақылы мәселесіне тоқталды

БҰҰ Бас хатшысының баспасөз мәлімдемешісі Стефан Дюжаррик Түркияның мәлімдемесін қолдады.

1844138
Дюжаррик Украина дәнді дақылы мәселесіне тоқталды

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысының баспасөз өкілі Стефан Дюжаррик Украина дәнді дақылының Қаратеңіз арқылы шығару тақырыбында Түркиямен тығыз байланыста екендерін білдірді.

Стефан Дужаррик күнделікті баспасөз брифингінде ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуның «Украина дәнді дақылын Қаратеңізден миналар тазартылмай да шығарыла алатыны» жөніндегі мәлімдемесін «өте болымды» деп бағалады.

Дужаррик «Біз бұл мәселе бойынша Түркия билігімен өте тығыз байланыстамыз және тығыз ынтымақтасамыз. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Президент Ердоған, Чавушоғлу және түрік армиясының тығыз ынтымақтастығы үшін шексіз алғысын білдіреді. Біз бұл мәселені шешу үшін өте сындарлы жұмыс істеп жатырмыз. Бұл ретте егжей-тегжейлі бөлісе алмаймын, бірақ ТР Сыртқы істер министрінің мәлімдемелері өте болымды. ТР Сыртқы істер министрі БҰҰ жоспары туралы айтты. Бірнеше нұсқа бар және түрік әскерінің рөлі өте маңызды. Біз барлық тараптармен байланыстамыз және түрік билігі байланыс орнатуға да көп көмектесті» деді.



Ұқсас жаңалықтар