Байден Ресей президенті Путинді сынға тартты

АҚШ президенті Джо Байден солтүстік және оңтүстік Америка елдерінің лидерлеріне үн қатты.

1840174
Байден Ресей президенті  Путинді сынға тартты

АҚШ президенті Джо Байден еліндегі босқын санының арту себебінің Ресей президенті Владимир Путиннің 24 ақпанда Украинаға қарсы басталған соғыстан туындағанын айтты. 

Байден Лос-Анджелес қаласында өткізілген "Америка елдері саммитінің" ресми ашылу рәсімінде солтүстік және оңтүстік Америка елдерінің лидерлеріне үн қатты. 

Байден демократияның бір елдің дамуы үшін өте маңызды екенін түсіндіріп, елдер арасындағы ынтымақтастық пен демократияға қолдау көрсету керектігін білдірді. 

Әсіресе орталық және оңтүстік Америка елдерінен АҚШ-қа көшкен босқындарға да тоқталған Байден "Жаһандық инфляция Путиннің Украинаға қарсы бастаған аяусыз соғысымен тіпті артты. Халықтың тұрмыс деңгейі тіпті төмендеді. Осы жағдайлар босқын толқынына себеп болуда" деп көрсетті. 

Байден баяндамасында Америка құрлық елдерімен жаңа бір экономикалық ортақтық құрылғанын және бұның да экономиканың дамуына үлес қосатынын білдірді. 

 



Ұқсас жаңалықтар