Конашенков Украинадағы әскери қимыл-әрекеттері туралы ақпарат берді

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков мәлімдеме жасады.

1838361
Конашенков Украинадағы әскери қимыл-әрекеттері туралы ақпарат берді

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков 24 ақпан күні басталған соғыста қазірге дейін Украинаға тиесілі 190 әскери ұшақ, 129 тікұшақ, 3 мың 424 танк және броньды техниканың жойылғанын мәлімдеді.

Конашенков өз мәлімдемесінде Ресей армиясының Украина әскери қимыл-әрекеттері туралы ақпарат берді.

Ресей әуе күштерінің әуеден ұшырылған алыс қашықтыққа жоғары дәлдіктегі зымырандармен Харьков қаласындағы Лозовая елді мекені төңірегінде Украина армиясының бронетранспортерлерді жөндеген нысандарын атқылағанына назар аударған Конашенков сонымен қатар 4 басқару орталығы мен 15 әскери аймақтың жойылғанын тілге тиек етті.

Ресейлік әуе-жауынгерлік тактикалық бөлімшелерінің 73 әскери аймақты атқылағанын, бұл шабуылдар нәтижесінде 150-ден астам украин ұлтшыл күші сарбазын залалсыздандырғандарын атап көрсеткен Конашенков сондай-ақ Донецкте АҚШ шығарған AN/TPQ-50 радиолокациялық жүйеге соққы енгізілгенін мәлімдеді.

Конашенков әуе қорғаныс жүйелерімен Донецк қаласында Славянск елді мекені маңында Украина әскери-әуе күштеріне тиесілі «Миг-29» әскери ұшағының атып түсірілгенін атап, Харьков Луганск және Донецк аймағында 13 украин пилотсыз әуе көлігі жойылды.

Зымыран-артиллериялық бөлімшелердің 431 әскери аймақты өртегенін атап көрсеткен Конашенков бұл шабуылдарда 300-ден астам украин ұлтшыл күші сарбазының залалсыздандырылғанын атап көрсетті.

Конашенков «Осы уақытқа дейін Украинаға тиесілі 190 әскери ұшақ, 129 тікұшақ, 3 мың 424 танк, броньды техника, 473 көп ұңғылы зымыран, 1 мың 795 гаубица мен миномет, 3 мың 446 жеке әскери техника жойылды» деді.



Ұқсас жаңалықтар