Ресей Киевке зымыран шабуылын жасады

Виталий Кличко Днепровский және Дарницкий аудандарындағы инфрақұрылымдарды ресейлік күштер зымыранмен бомбалағанын айтты.

1837824
Ресей Киевке зымыран шабуылын жасады

Украина астанасы Киев қаласының әкімі Виталий Кличко қаланың Днепровский және Дарницкий аудандарында ресейлік күштер тарапынан зымыран шабуылы жасалғанын хабарлады.

Виталий Кличко әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде Днепровский және Дарницкий аудандарындағы инфрақұрылымдарды ресейлік күштер зымыранмен бомбалағанын айтты.

Киев қаласының әкімі:

"Инфрақұрылымдарға бағытталған зымыран шабуылы себепті жан шығыны жоқ. Алайда жаралылар ауруханаларға жеткізілді" деді.

Шабуыл жасалған жерлердің қақпалары Украина күштері тарапынан жабылды.



Ұқсас жаңалықтар