"Санкциялар Ресей мен Қытайды жақындастырды"

Лавров Ресей-Қытай шекарасындағы Амур өзені үстінде салынған көпірдің беташарына онлайн форматта қатысты.

1836981
"Санкциялар Ресей мен Қытайды жақындастырды"

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров батыс елдерінің 24 ақпан күні басталған соғыс себепті Ресейге жүргізген санкцияларының Қытаймен жаңа мүмкіндіктер ұсынғанын айтты.

Сергей Лавров Ресей-Қытай шекарасындағы орыстар Амур деп атайтын өзен үстінде салынған көпірдің беташарына онлайн форматта қатысты.

Ол Украина дағдарысының Мәскеу мен Пекин арасындағы жақындасуға мүмкіндік бергенін айтты. «Батыстың Ресейге қарсы гибридтік соғысы Ресей мен Қытай арасында инвестиция және қаржы саласындағы ынтымақтастығының кеңеюі үшін жаңа мүмкіндік ұсынды» деді ол.

Лавров Қытай мен Ресейдің қаржылай инфрақұрылымды жетілдіретінін,  екі ел арасындағы келісімдерде отандық валюта қолдануды арттыратындарын атап көрсетті. Ол екі елдің жаһандық проблемаларға ұстанымының ұқсас екенін, АҚШ-тың халықаралық қағидарларды жалғыз өзі айқындауына қарсы шыққандарын білдірді.

Қытай Сыртқы істер министрі Ванг И де халықаралық және аймақтық қауіпсіздіктің әскери блоктарды нығайту арқылы кепілдікке алынбайтынын айтты. «Өз қауіпсіздігімізді қамдай отырып,  басқа елдердің қауіпсіздігін де есепке алу арқылы ғана өзара пайдаға тиімді қауіпсіздік шарасын атқара аламыз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар