Қытайда толассыз жауған жаңбыр жан алды

Толассыз жауған жаңбырда 4 адам қаза тауып, 4 адам із-түзсіз жоғалды.

1833796
Қытайда толассыз жауған жаңбыр жан алды

Қытайдың Юньнань уәлаятында толассыз жауған жаңбыр салдарынан 4 адам қаза тауып, 4 адам із-түзсіз жоғалды.

Қытайдың оңтүстік батысындағы Юньнань уәлаятына қарасты Цюбэй қаласында нөсер жауын тіршілікті тоқтатты.

Жергілікті үкімет жасаған мәлімдемеге қарағанда нөсер жаңбыр 120 мыңнан астам адамға кері ықпал етіп, байланыс пен электр инфрақұрылымына зақым келді.

Қолайсыз ауа райы 27 мың үйді жарықсыз қалдырды.

Ықпалын жалғастырған толассыз жауын салдарынан 4 адам қаза тауып, 4 адам із-түзсіз жоғалды. 600-ден астам адам қауіпсіз аймақтарға көшіріліп, 12 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқабы бүлінді.

Апат аймақтарына өрт сөндіру және іздеу құтқару топтары жіберіліп, жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар