"Ресей армиясы Украинаның 5 елді-мекенінде қару-жарақ қоймаларын жойды"

Ресей Қорғаныс министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1800349
"Ресей армиясы Украинаның 5 елді-мекенінде қару-жарақ қоймаларын жойды"
rusya ukrayna saldiri.jpg

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның 5 елді мекенінде армияға тиесілі қару-жарақ қоймаларын ұзақ атымды жоғары дәлдіктегі қарулармен жойғанын хабарлады.

Ресей қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков Ресей армиясының Украина соғысындағы әрекеттері туралы мәлімдеме жасады.

Күндіз Украинаның әскери нысандарына әуеден және теңізден ұзақ қашықтықтағы жоғары дәлдіктегі қарулармен атқыланғанын атап көрсеткен Конашенков «Лисичанск және Краматорск елді мекендерінде украин әскерлерінің ірі жанар-жағармай қоймасы, Дружковка елді мекенінде ракеталық және зеңбірек оқ-дәрі қоймасы, Надеждинка және Новоалександровка елді мекендеріндегі оқ-дәрі қоймалары жойылды» деді.

Конашенков сонымен бірге Украинаның Ровно қаласына жақын жерде батыс елдерінен жіберілген қарулар тұрған бір қару-жарақ қоймасын да жойғандарын білдірді.

Ресей әуе күштерінің Украина армиясына тиесілі 83 әскери нысанды жойғанын атап көрсеткен Конашенков олардың арасында 4 басқару штабы, 4 әуе қорғаныс зымыран жүйесі, 3 оқ-дәрі және 68 әскери техникалық көлік бар екенін айтты.

Конашенков «Бүгінге дейін Украина армиясына тиесілі 184 әскери ұшақ пен тікұшақ 246 пилотсыз әуе көлігі, 156 көп ұңғылы зымыран тасығыш, 186 әуе қорғаныс зымырандық жүйесі, 1 мың 558 танк пен бронды техника, 624 гаубица мен миномет, 1 мың 354 арнайы әскери техника жойылды» деді.

Ресей Қорғаныс министрлігі жариялаған бейне көріністе бір кемеден 8 дана «Калибр» қанатты зымыраны мен «Бастион» жағалау қорғаныс жүйесінен ұшырылған 3 зымыранның Украина қарулы күштеріне тиесілі нысаналарға алғаш рет ұшырылғаны көрінеді.

Украинаның бас қаласы Киевтің солтүстігіндегі S-300 әуе қорғаныс зымыран жүйесінің жойылуы туралы бейне көрініс жариялады.



Ұқсас жаңалықтар