Зеленский "Польша, Чехия және Словенияға сенеміз" деді

Зеленский үш лидердің астана Киевке келуіне байланысты "Бұл үлкен, батыл, дұрыс және шын пейіл бір қадам" деп көрсетті.

1796269
Зеленский "Польша, Чехия және Словенияға сенеміз" деді

Украина президенті Владимир Зеленский Польша, Чехия және Словения сынды дос елдердің Украинаның қасында орын алғанына қатты риза болғанын білдірді. 

Еске сала кетейік, кеше Чехия премьер-министрі Петр Фиала, Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий және Словения премьер-министрі Янез Янша Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу үшін Украинаның астанасы Киевке барған еді. Зеленский үш ел премьер-министрлерінің Киевке жасаған сапарына тоқталды. 

Владимир Зеленский орыс армиясының Киевке шабуылдарын жалғастырған кезде үш лидердің астана Киевке келуіне байланысты "Бұл үлкен, батыл, дұрыс және шын пейіл бір қадам" деп көрсетті. 

 Польша, Чехия және Словения сынды дос елдердің Украинаның қасында орын алғанына қатты риза болғанын түсіндірген Зеленский "Осындай достармен, елдермен, көршілермен және ортақпен жеңіске қол жеткізетінімізге көзім жетеді. Ең маңыздысы осы елдердің лидерлеріне кәміл сенемін" деді. 

Украина президенті Владимир Зеленский ортақ және дос елдердің қолдауларымен Украинаның мақсатына жете алатынын айтты. 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар