Зеленский халықаралық компанияларға үн қатты

Владимир Зеленский ауруханаға барып, жараланған сарбаздармен кездесті.

1794831
Зеленский халықаралық компанияларға үн қатты

Украина президенті Владимир Зеленский ауруханаға барып, Ресейдің Украинаға қарсы соғысында жараланған сарбаздармен кездесті.

Украина Қорғаныс министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде «Президент Владимир Зеленский ауруханада Украинаны қорғап жараланған сарбаздармен кездесті» деп айтылды.

Президенттің қай ауруханаға барғаны туралы ақпарат берілмеген мәлімдемеде Зеленский жаралы сарбаздарға "Тезірек сауығып кетіңіздер, жігіттер. Барлығына ең жақсы сыйлық ортақ жеңісіміз болады деп ойлаймын" деді.

Владимир Зеленский Twitter-дегі жазбасында Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонмен, Чехия премьер-министрі Петр Фиаламен, Словакия президенті Зузана Капутовамен және Румыния президенті Клаус Йоханниспен телефон арқылы сөйлескенін айтты.

Басқа жазбасында Зеленский халықаралық Microsoft SAP және Oracle технологиялық компанияларына үн қатты.

"Енді жартылай шешімдер немесе жартылай реңктер болуы мүмкін емес. Тек ақ пен қара, жақсы немесе жаман бар. Сіз бейбітшілікті жақтайсыз немесе украиндық балалар мен әйелдерді өлтіру үшін қанды ресейлік агрессорды қолдайсыз. Microsoft, Oracle, SAP, Ресейге өнім беруді доғарыңыз, соғысты тоқтатыңыз» деген сөздер қолданды.

АҚШ-тың Microsoft технологиялық компаниясы 4 наурызда Ресейдегі барлық өнімдер мен қызметтерді сатуды тоқтатқанын хабарлады. Oracle  3 наурызда Украинадағы соғысқа байланысты Ресейдегі жұмысын тоқтататынын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар