"Ресей соғыс қылмысын істеп отыр"

Столтенберг Путинді қару тастауға шақырды.

1792959
"Ресей соғыс қылмысын істеп отыр"

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг «Біз Украинада бейбіт тұрғындарға жасалған шабуылдарды көріп отырмыз және бұл соғыс қылмысы» деді.

Оттавадағы қауіпсіздік және қорғаныс конференциясында сөйлеген сөзінде Столтенберг Ресейді Еуропадағы бейбітшілікке соққы енгізуде деп айыптады.

Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға қарсы соғысының халықаралық құқық, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін халықаралық тәртіпке қайшы екенін айтқан Столтенберг Путинге: «Соғысты тоқтат, әскерлеріңді шығар және дипломатияға қайта оралыңдар» деп үн қатты.

«Біз Украинада бейбіт тұрғындарға жасалған шабуылдарды көріп отырмыз және бұл соғыс қылмысы» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар