Эстония жүк кемесі Одессада батты

Кеменің иесі ​​​​​​​Игорь Ильвес экипаждағы 2 кісінің теңіздің ортасында құтқару қайығында екенін, 4 кісінің жоғалып кеткенін айтты.

1789383
Эстония жүк кемесі Одессада батты

Ресеймен соғысып жатқан Украинада Эстонияның жүк кемесі Одесса порты су айдынында болған жарылыстан кейін батты. Экипаждағы 4 кісінің жоғалып кеткені білдірілді.

Ағылшын The Independent интернет газеті Таллинде орналасқан Vista Shipping агенттігінің басқарушы директоры, Helt жүк кемесінің иесі Игорь Ильвес экипаждағы 2 кісінің теңіздің ортасында құтқару қайығында екенін, 4 кісінің жоғалып кеткенін айтқанын жазды.

Игорь Ильвес ұзындығы 79 метр, салмағы 1500 тонналық кеменің теңіз минасына соғылғанын межеледі.

Кеменің Панама байрағын асқаны білдірілді.

Украинаның Олвия портында Бангладеш жүк кемесіне орыс зымыраны тиген, оқиғада бангладештік теңізші қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар