Ресей АҚШ-қа зымыран қозғалтқыштарын жеткізуді тоқтатты

Ресейдің АҚШ-қа зымыран қозғалтқыштарын жеткізуді тоқтатқаны хабарланды.

1789180
Ресей АҚШ-қа зымыран қозғалтқыштарын жеткізуді тоқтатты

Ресей Федералдық ғарыш агенттігі (Роскосмос) төрағасы Дмитрий Рогозин Ресей Мемлекеттік телеарнасы «Ресей-24»-ке жасаған мәлімдемесінде 1990 жылдардан бері АҚШ-қа зымыран қозғалтқышы жеткізілгенін атап көрсетті.

Санкциялар себепті АҚШ-тың тапсырыстары туралы шешім қабылдағандарын атап көрсеткен Рогозин «Бүгін NPO Energomaş компаниясында шығарылған зымыран қозғалтқыштарының АҚШ-қа жіберуді тоқтатуға шешім қабылдадық» деді.

Рогозин Германиямен Халықаралық ғарыш стансасының (ХҒС) Ресейге тиесілі бөлігінде бірлескен тәжірибелердің бұдан былай жүргізілмейтінін де мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар